Су астымен жүзу

Сүңгу - су астымен жүзу әдісі - тура кетіп бара жатқан, суда сәтсіздікке ұшыраған адамдарды құтқару үшін және әскери жағдайда қолданылады. Жүзудің бірнеше әдістірін үйренген соң ғана сүңгу әдісін үйретуге кірісуге болады. Мұндай жағдайда 5 м терендіктен ары қарай сүңгуге болмайды, өйткені тынысын ұзақ уақыт тежеу және жоғарғы қысым жүрек қан тамырлары жүйесінің қызметіне зиянды әсерін тигізеді.

Тереңдікке сүңгіген кезде, ауаның қысымы мен су астының қысымының айырмашылығына байланысты жоғарғы қысымның нәтижесінде құлақтың пердесі шышылдап ауырады.

Осы қысымдарды теңгеру үшін, аузыңды ашпай, бір-екі рет жұту қимылын жасайды.

Сүңгу әдісіне жаттығуға кіріспей тұрып, спортшының өміріне қауіпсіздік болмайтын жағдай жасайды.

Сүңгуді мөлдір суы бар су қоймасында бастайды, әрбір сүңгіген адамның артынан екінші адам бақылап, әлдеқандай жағдай болып қалса жедел көмек көрсетуге дайын тұруға міндетті.

Егерде су мөлдір болмаса /лай болса/ онда спортшының беліне жіп байлап, жіптің екінші ұшына қалтқы бекіткені жөн.

Сүңгір алдында, спортшы өкпесін оттегімен толтырып, одан көмір кышқыл газын мейліше көп шығару үшін 5-6 рет терең дем алады және дем шығарады, ең ақырғы дем алу терең болмау керек, өйткені өкпенің қызметіне тежеу келтіріп су астында көп уақыт тұруға мүмкіндік бермейді. Сүңгуді ұзындыққа және тереңдікке сүнгу деп екі түрге бөлуге болады.

Су астында жүзгенше тек қана аяқ кимылымен жылжиды немесе аяқ қимылын екі қолмен бірдей есу немесе алма-кезек есу қимылдарымен үйлестіру арқылы жылжиды /сырғиды/ /85,86 - сурет/.

Бір биік жерден /қабырға, қайық т.б./ секіріп тереңге сүңгуге болады, суда тұрып та сүңгиді. Суға ену баспен немесе аяқпен басталады /87 - сурет/.



Тез тереңдікке сүңгу үшін, дене вертикаль жағдайда болу керек, сонымен қатар ұзындыққа сүңгіген сияқты есу қимылын жасайды.

Тыныс түтігімен жарғақ аяқпен және бет пердемен жүзу. Көлденен құралсыз ұзындыққа және тереңдікке сүңгуді үйренген соң, су астында жарғақаяқпен /ласта/, бет пердемен және тыныс алу түтігі көмегімен жүзуді үйретуге кірісуге болады.

Жарғақаяқ. Аяққа кигізілетін жарғақаяқ, аяқтың жүзу көлемін көбейтіп тез жүзуге көмек көрсету үшін және суда тез қимылдауға әсерін тигізеді.

Жарғақаяқ калош деген бөлшектерден тұрады, аяқтың өкшесіне киіледі. Жарғақаяқ аяққа байлайтын жеріне байланысты, өкше жағының зауытта істелгеніне байланысты, жабай және ашық болып екіге бөлінеді. Ашық жарғақаяқ аяққа қалың немесе ұзартылып, қысқартылып тұратын бөлдік арқылы бекітіледі, ал жабық түрі болса, ол туфли пішінді аяққа киіледі /88 - сурет/.

Жарғақаяқтың аяққа тура келетінін ғана кию керек, аяқтың өкшесін, басбармағын қыспау керек, өйткені ол қан айналымын нашарлатады, тез шаршатады, өкше ауырып, аяғының тамыры тартылып қала беретін болады. Жарғақаяқты кигізу оңай болу үшін, аяқты сулап кигізу керек.

Бет перде - су ішінде жақсы көруге, көзге, мұрынға су кірмеу үшін пайдаланады /89 - сурет/

Суға енген кезде судың қысымының күшімен бет перде бетке жабылып қалады. Сондықтан суға енген сайын ауаның қысымын, бет перденің ішіндегі ауаның қысымын теңеу үшін мұрын арқылы жайлап дем шығарады.



Егерде бет перденің ішіне су кірсе, оны су бетіне көтерілмей-ақ шығаруға болады. Ол былай, бір қолыңмен бет перденін жоғарғы жағын ұстап тұрып, мұрын арқылы дем шығарады /90-сурет/, егер де су шықпаса дем шығаруды бірнеше рет қайталау керек.

Тыныс алу түтікшесі суға басын батырып жүзген кезде ауамен демалу үшін қолданылады /91-сурет/. Түтікше бет перденің белдігінің артқы жағына бекітіледі немесе бет перденің белдігінің ішіне кіргізіп қоя салады /92 – сурет/

Құрал-сайман инвентарлармен танысқаннан кейін жүзу әдісіне кіріседі, ең алдымен жарғақаяқпен дельфин әдісімен және етпеттеп кроль әдісімен жүзуді үйретеді, қол қимылсыз болады, содан соң қол қимылының үйлесімімен жарғақаяқпеи жүзу, суда жылжу жылдамдықты көбейтіп жүзушінің көңіл-күйін жақсартады.

Тыныс алу. Спортшыны жүзу әдісіне үйретуден түтікше арқылы тыныс алу әдісіне үйрету оңайырақ болады.

Жүзушіге басын оңға, солға бұрудың қажеті жоқ, өйткені дем алу, дем шығару түтікше арқылы орындалады.

Тыныс алу аяқ және қол қимылымен үйлесімді, бірқалыпты болу керек.

Түтікше арқылы тыныс алуды судың таяз жерінде үйрету керек, суда тік тұрады, осындай жағдайда түгікшенің еріндігін ауызға қалай салу керегіне, ауызбен ғана тыныс алу қимылына көп көңіл аударған дұрыс болады /93 - сурет/.

Осыны үйренген соң, түтікшеге су толтырып, еріндікті ауызға алып, бірден дем шығарып, суды төгеді, осы кезде түтікше судан босатылады /93-сурет/.

Осы әдісті жақсылап меңгеру керек, өйткені жүзген уақытта түтікшеге су кіріп кетуі мүмкін, оны судан босатуға тура келеді.

Осыдан кейін түтікше арқылы тыныс алуды, суға еніп су астын­да орындайды /93-сурет/. Сонан кейінгі тыныс алу тәсілін одан арі дамыту, бет перде және жарғақ аяқпен /ласта/ - тақтаймен жүзіп жүріп және тақтайсыз алға қолды созып, қол қимылының үйлесімімен жүзу арқылы орындайды.


6896121463200114.html
6896163064255576.html
    PR.RU™